Салалар
Талқылаулар
Новость
Қазіргі заманғы білім беру жүйесіндегі көшбасшылық
Ағымдағы жылдың 30 қарашасында Лобанов ауылында орналасқан «Зейнеп» жоғары көпсалалы колледжі» ЖШС базасында СҚО мектеп және колледж директорларына арналған «Қазіргі заманғы білім беру жүйесіндегі көшбасшылық» атты облыстық практикалық семинары өтті.
Агымдағы жылдың 30 қарашасында Білім басқармасының әдістемелік жұмыс орталығы және Айыртау ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Лобанов ауылында орналасқан «Зейнеп» жоғары көпсалалы колледжі» ЖШС базасында СҚО мектеп және колледж директорларына арналған «Қазіргі заманғы білім беру жүйесіндегі көшбасшылық» атты облыстық практикалық семинары өтті.
Семинар жұмысына білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Мальгаева Алена Сарсенбаевна, аудандық мәслихаттың төрағасы Абулкаирова Гульмира Армиевна, «Өрлеу» ҰБАО АҚ филиалының директоры Альмагамбетова Лейла Сериковна, «Алматы Менеджмент Университеті» БМ президенті Кожахметов Асылбек Базарбаевич, М.Қозыбаев атындағы СҚУ проректоры Белгибаев Рашит, Петропавл қаласы НЗМ директоры Уалиев Данияр Серикович, СҚО білім басқармасы рухани-адамгершілік білім беру және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Науанова Мафруза Тасболатовна, білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының басшысы Саркен Роза Сакеновна, СҚО аудандарының білім бөлімінің басшылары және мектеп директорлары қатысты.
Семинар білім бөлімдерінің басшыларына, мектеп және ТжКБ ұйымдарының директорларына арналған «Дөңгелек үстел» бағыты бойынша 3 секция аясында ұйымдастырылды.
Әдістемелік семинардың жұмысы білім сапасын арттыру жөніндегі процестерді басқаруда жетекшінің көшбасшылық дағдыларын дамытуға бағытталды.
Семинар қатысушыларына тренингтер, шеберлік дәрістері, кейс-стади, қосымша білім беру орталығының көрмесі ұйымдастырылып, онда орталық тәрбиеленушілері робототехника жұмысының шеберлік сабағын, Арт-студия, қыш жасау, киізден жасалған бұйымдарды көрсетті, сонымен қатар, ұлттық дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, ұрпақ тәрбиелеудегі ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында орталық тәрбиеленушілері қонақтарға домбыра ансамблінің орындауында музыкалық «күй» ұсынды.
Іс-шара барысында пәндік нәтижелерге қол жеткізу саласында тәжірибе алмасу, мектеп директорының мектеп ішіндегі бақылауды ұйымдастырудағы рөлі, басқарудағы үздіксіз кәсіби даму туралы пікір алмасу өтті.