Салалар
Талқылаулар
Новость
«Шпиондардың құпиясы»
2023 жылдың 5 желтоқсанында «Ақан мектеп-бөбекжай-бақша кешені» КММ-де «МИТА» пәндік онкүндігінің іс-шаралар жоспарына сәйкес «Шпиондардың құпиясы» QR кодтар арқылы квест ойыны өткізілді, 5-8 және 11 сынып оқушылары белсене қатысты. Әр команда бір маршрут парағын алды және әр командада QR код оқуға және Интернетке кіруге арналған сканері бар кем дегенде бір телефон болуы керек. Бүгін 1-ші және 2-ші қабаттағы мектеп ғимаратында командалар QR кодтарын тапты. Осы QR кодтарын сканерлегеннен кейін балалар қызықты математикалық тапсырмалар алды. Табысты саяхат және алға қойған мақсатқа жету үшін балаларға математиканы білу, тапқырлық пен зеректік қажет болды. Квест ойынының қорытындысы шығарылып, «Бас жүлде» мәреге бірінші жеткен 8-сынып командасы, 1-орын 11-сынып командасы, 2-орын 6-сыныптар және 3-орын 7-сынып командасына берілді.