Отрасли
Обсуждения
Новость

"Құқықтық сауаттылық" инспектормен кездесу сағаты.
Мектебімізде балалар мен жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге, тәрбиелеу мақсатында 8-11 сынып білім алушыларымен Алматы ауданының ЖПҚБ ЮПБ УПИ полиция катитаны А.С. Алькеева "Құқықтық сауаттылық" тақырыбында инспектормен кездесу сағаты өткізді. Кездесу сағатының барысында құқық бұзушылық пен қылмыстарға жол бермеу үшін, әрбір білім алушы әрбір іс-әрекетіне саналы түрде жауапкершілікпен қарауы тиіс. Өз болашағын ойлайтын жасөспірім құқық бұзушылық әрекеттеріне бармайтындығы туралы, құқықтық сауатсыздық, яғни өз құқығы мен міндетін білмей, басқаның құқығын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайлар орын алатыны айтылды.