Салалар
Талқылаулар
Новость

Іс-шара «Мен қалаймын,мен жасай аламын, маған керек»
Іс-шара «Мен қалаймын,мен жасай аламын, маған керек»
25.01.2024 ж «Ақан мектеп-бқбекжай-бақша кешені» КММ-де мектеп-интернатының оқушыларымен, педагог және кәсіптік бағдар беру мұғалімі Кригер И.С. «Мен қалаймын, мен жасай аламын, маған керек» атты іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – студенттерге саналы түрде мамандық таңдауға көмектесу.
Міндеттері: - балалардың әртүрлі мамандықтар туралы түсініктерін кеңейту;
- еңбекке және кәсіби өсуге деген оң көзқарасты қалыптастыру;
- балаларды мамандықтар туралы ақпарат іздеуге, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі дамытуға баулу.
Сабақ барысында балалар «Кәсіби мінездеме» жаттығуларын, «Визиттік карта» ойынын, «Ең қажетті мамандықтар» жұптық жұмысын, «Мұғалім» мамандығын сынауды, «Ал, кел!» айдарын, геометриялық фигуралар арқылы тест өткізді.
Данышпан айтқандай: «Қателік жібермеу үшін тәжірибе керек. Тәжірибе болу үшін қателесу керек».