Салалар
Талқылаулар
Новость

«Папа, мама и я – музыкальная семья»
«Папа, мама и я – музыкальная семья»
18 қаңтарда Эстетикалық цикл онкүндігі аясында музыка пәнінің мұғалімдері К.С. Загипарова және Е.А. Петухова 3-4 сынып ата-аналарымен «Папа, мама и я – музыкальная семья» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді. Бұл шараның мақсаты – ата-аналардың назарын балаларды музыкаға үйретуге аудару, отбасылық байланысты нығайту, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтау және олардың одан әрі дамуына ықпал ету. Байқауға 12 отбасылық ансамбль қатысып, әрқайсысы сахнада музыкалық нөмір орындады. «Көзімнің қарасы», «Гүл көбелек», «Замыкая круг», «Мальенкая страна», «Туған дала» т.б әндері орындалды.
Әр ансамбльдің тамаша дайындығын, қатысушылардың сахналық келбетін, шараға жауапкершілікпен қарағанын айтып өтуге болады. Байқаудың қазылар алқасы «Ең музыкалық отбасы», «Ең тату отбасы», «Ең шығармашыл отбасы» және т.б. номинациялар бойынша үздік отбасылық ансамбльдерді анықтады. Жарысқа қатысушылар бір-біріне жылы, достық лебіздерін білдіріп, қолпаштап отырды.





