Отрасли
Обсуждения
Новость

«DosboLlike» акциясы
«DosboLlike» акциясы
«DosboLlike» акциясы
Бүгін «Достық қолын ұсын» деген ұғымды білдіретін «DosboLlike» акциясы басталды. Бұл іс-шараның мақсаты – оқушылардың позитивті қарым-қатынасын және эмоционалды әл-ауқатын дамыту болып табылады. Акцияның ұраны: «Нағыз досыңның болғанын қаласаң, дос бол!»
№1 мектеп-лицей оқушылары аталған бағдарламаның бастамасына белсене кірісті. Осы бағдарламаның арқасында оқушылар мектеп ішінде достық қарым-қатынас орнатуға ат салысады. Бірлескен іс-әрекеттер мен ортақ мүдделерге негізделген «Қалаймын! Жасай аламын! Жасаймын!» формуласына сәйкес 17 қаңтар мен 17 ақпан аралығында мектеп оқушылары аталмыш акцияның міндеттерін жүзеге асырады. Барлығыңызға сәттілік және достарыңыздың көп болуын тілейміз!