Салалар
Талқылаулар
Новость

«Оқу-тәрбие процесін тиімді басқару»
«Оқу-тәрбие процесін тиімді басқару»
Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінде 29.01-30.01 аралығында «Global Nomad Education” негізін қалаушы, философия ғылымдарының докторы Қанағатова Алмагуль Медихатовнаның жетекшілігімен «Оқу-тәрбие процесін тиімді басқару» тақырыбында кезекті оқыту семинар-тренингі өтті. Мектептің 13 мұғалімі қатысып, топтық ойлау және команда құру, көшбасшылық стильдер, трансформациялық көшбасшылық және өмірді өзгерту қажеттілігін талқылады. Көшбасшылық тәжірибелерімен жұмыс жасады, жеке мақсаттарын анықтауды үйренді және жұмыс орнында өз мақсаттарына жету үшін көшбасшылық дағдыларын дамытты. Тренинг нәтижелі және тәжірибелі бағдарланған болды.