Салалар
Талқылаулар
Новость

2024 жылғы 31 қаңтарда облыстың әдістемелік қызмет қауымдастығының «Әдістемелік қызметті дамытудың өзекті трендтері: проблемалар, тәжірибе, табысты практика» тақырыбында кезекті отырысы өткізілді.

Кездесу барысында 2024 жылға арналған жоспарлар мен әдістемелік кабинеттер жұмысының перспективалық бағыттары белгіленді. Сондай-ақ, Республикалық және облыстық іс-шаралар пулының тұсаукесері өтті.
«Үздік педагог» республикалық байқауының қорытындысы мен 2024 жылы өтетін байқауға дайындыққа ерекше көңіл бөлінді. Нәтижелілікті арттыру үшін конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар белгіленді.


