Салалар
Талқылаулар
Новость

«Менің қолқанатым» жобасы.
Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде отбасының бала тәрбиесіндегі атқарар рөлі зор. Отбасы тәрбиесін табысты жүзеге асыру балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастыруға көмек көрсетеді. Сондықтан да қазіргі уақытта отбасы тәрбиесін тереңдете отырып, әкелер мен аналардың бала тәрбиесіне байланысты жауапкершілігін арттыру мақсатында «Менің қолқанатым» жобасы аясында 2-сыныптар арасында Курмангалиева Махаббат Ериковна, Омарова Мақпал Асылбекқызының ұйымдастырумен ата-аналармен бірлескен іс-шара өтті. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген халқымыздың қасиетті сөзінен отбасының бала тәрбиесіндегі орны ерекше екенін көруге болады. Отбасынан бастау алған бала тәрбиесі мектеп тәрбиесіне ұласады. Дегенмен осы заманғы мектеп тәрбиесі бұрын- соңды болмаған отбасы қолдауын қажет етеді. Сондықтан бала тәрбиесін дұрыс жолға қою үшін мұғалім мен ата-аналар барлық уақытта да өзара ынымақтастықта болуы керек. ВИДЕО КӨРУ