Салалар
Талқылаулар
Новость

8-11 сынып оқушыларының арасында ағылшын тілінде емле дағдыларын арттыру және сөздерді дұрыс айту, сөздік қорды дамыту және ағылшын тілін қолдануға деген сенімділікті арттыру мақсатында № 2 Саумалкөл мектеп-гимназиясының базасында облыстық ағылшын тілінде "Spelling Bee" байқауының аудандық кезеңі өтті.

Аталмыш байқауға аудан мектептерінен 16 оқушы қатысты. Қатысушылар ағылшын тілінде диктант жазып, педагогтер айтқан сөздерді әріптеп дыбыстады.
Байқау қорытындысы бойынша №2 Саумалкөл мектеп-гимназиясының оқушысы Хайрол Нұргүл және №1 Саумалкөл орта мектебінің оқушысы Кучер Матвей жеңімпаз атанды; екінші орынды Бірлестік орта мектебінің оқушысы Рахымбек Риза иеленді; үшінші орынды Арықбалық орта мектебінің оқушысы Климкина Анастасия, Рудный орта мектебінің оқушысы Бекенов Саянбек, Саумалкөл қазақ орта мектебінің оқушысы Жунусова Адина иеленді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз, ағылшын тілін үйренуде одан әрі оқу жетістіктерін тілейміз!