Салалар
Талқылаулар
Новость

Айыртау ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкері инженер Қаликен Т. С. мектебіміздің 9-сынып оқушыларымен кездесті. Кәсіптік бағдар беруші Д. С. Сейтенованың ұйымдастыруымен өткізілген кездесуде Т. С. Қаликен төтенше жағдайлар оның алдын алу жұмыстары туралы, қызметтің жауапкершілігі мен мамандық жайлы әңгімелеп берді.
Сонымен қатар, мектеп оқушыларына Көкшетау қаласындағы Төтенше жағдайлар Академиясына оқуға түсу шарттары мен тәртібі тұралы ақпарат беріп, әлеуметтік маңызы зор мамандықты таңдауға шақырды.