Салалар
Талқылаулар
Новость

Ақпанның 1 күні Саумалкөл қазақ орта мектебінде 5 «А»,«Ә»,«Б» сынып жетекшілері Б. Д. Оразалина, Ж. Б. Саттыбаева, А. М. Темиртасова ұйымдастыруымен «Жылы жүрек» тақырыбында ата-ана мен балалардың қатысуымен іс-шара өтті.
#ұлттыққұндылық
Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп,ұлттық құндылықтарды еске алып, ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, жағымды қарым - қатынас орнату. Іс-шарада ата - анамен балаларға біріге отыра орындайтын тапсырмалар, сұрақтар, ұлттық құндылықтарымыздың бірі асық ату, бес асық ойындары ойнатылды. Кеш соңында ата-аналар рефлексия ретінде аталмыш іс-шарада алған әсерлерімен бөлісті.

