Салалар
Талқылаулар
Новость

2024 жылдың 28 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Астана қаласында JAIDARMAN JUNIOR республикалық фестивалі өтті.
2024 жылдың 28 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Астана қаласында JAIDARMAN JUNIOR республикалық фестивалі өтті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген ең көңілді және тапқыр командалар, көрермендерге жағымды эмоциялар сыйлау үшін бір сахнаға жиналды. Фестивальде 100 – ден астам команда тіркелді, оның ішінде Айыртау ауданының атынан "Елецкий орта мектебі" КММ оқушыларынан құралған, «Қыздар – ай» командасы қатысты.

Фестиваль мемлекеттік тілде өтті, біздің команда орыс тілінде оқытытын мектепте жалғыз оқитын қатысушы болды, осыған қарамастан, «Қыздар – ай» командасы әзіл-оспақ, әртістік және тапқырлық жағынан басқа командалардан кем түспей лайықты өнер көрсетті.
Қыздар залды жарқыраған әзілдер және жақсы актерлік шеберлікпен жандырып, көрермендердің қошеметіне бөленді.
JAIDARMAN JUNIOR "Маусымашар – 2024" республикалық фестивалінің қорытындысы бойынша: «Қыздар – ай» командасы көктемде Алматы қаласында өтетін, JAIDARMAN JUNIOR ашық мектеп лигасында өнер көрсетуге жолдама сертификатын иеленді.
«Қыздар – ай» командасын және жетекшісі Базарбаева Азамат Калымжановичке жемісті жұмыс пен жаңа жетістіктер тілейміз.