Салалар
Талқылаулар
Новость

01.02.2024 жылы білім бөлімінің жұмыс жоспары бойынша Елецкий орта мектебі» КММ-де «Lesson study –дің рөлі мен маңыздылығы» тақырыбында семинар өтті.
01.02.2024 жылы білім бөлімінің жұмыс жоспары бойынша Елецкий орта мектебі» КММ-де «Lesson study –дің рөлі мен маңыздылығы» тақырыбында семинар өтті.
01.02.2024 жылы білім бөлімінің жұмыс жоспары бойынша Елецкий орта мектебі» КММ-де «Lesson study –дің рөлі мен маңыздылығы» тақырыбында семинар өтті. Білім бөлімінің басшысы Баймағамбетова Балжан Шәріпқызы семинарды ашып, қазіргі уақытта әрбір педагог үшін өз білімдерін шыңдау, дамыту, басты мақсат болып табылатындығын, білім бір орында тұра бермейтін, ол үздіксіз дамып отыратын үрдіс екендігін, әр күн сайын біз жаңа ашулар, жаңалықтар оқып, көруіміз қажеттігін, сол жаңалықтардың бірі–сабақты зерттеу тәсілі екендігін ерекше атап өтті Осы аталған семинарға Имантау орта мектебінің директоры Малышева Людмила Александровна, Арыкбалық орта мектебінің директордың міндетін атқарушы Дегтярева Ирина Александровна, Антоновка орта мектебінің директоры Дюсембаева Самал Наукановна, Қызыл-Әскер орта мектебінің директоры Ашкеев Мурат Жаманович, Гусаковка орта мектебінің директоры Матушко Елена Анатольевна өз тақырыптары аясында шебер сыныптар көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Lesson study мұғалімдер тәжірибесі саласындағы ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Осы тәсілді жүзеге асыру үшін алға қойылған мақсат-міндеттердің орындалу барысында тәжірибеде кеңінен қолданып, бірлесе жұмылдырылған іс-әрекет жасайық.