Салалар
Талқылаулар
Новость

"Ұлы дала дүбірі"
2024 жылғы 6 ақпанда "№ 7 орта мектеп" КММ 7 "Б" сынып оқушылары сынып жетекшісі Елена Васильевна Волощукпен бірге С. Мұқанов атындағы облыстық кітапханада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған "Ұлы дала дүбірі" көрмеге қатысты. Оқушылар көшпелі халықтардың өнері мен мәдениеті туралы ғылыми еңбектерімен, кітаптарымен, альбомдарымен танысты. Сондай-ақ, оларға ұлттық спорт түрлері, "Көшпенділер әлемі" этноауылы және ойындардың Қазақстан үшін маңыздылығы туралы айтылды.