Салалар
Талқылаулар
Новость

Ашық сабақ
01.02.2024 күні Мизамадин Аружан Зейілбекқызының 10 "Ә" сыныбында физика пәнінен "Электр өрісінің энергиясы" тақырыбында ашық сабағы өткізілді.
Сабақтың мақсаты зарядталған конденсатор энергиясын есептеуге арналған формуланы білу және оны есептер шығаруда қолдану. Сабақ барысында түрлі платформалар қолданылды. «Рандом әдісі» арқылы топқа бөлініп, топтық жұмыспен жаңа тақырыпты қорғады. Жеке жұмыс ретінде таратпа материалдар берілді. Сабақ аяғында "Үш М" әдісімен кері байланыс жасалды. Барлық оқушылар тапсырмаларды орындап, сабаққа белсенді қатысты. Сабақ мақсатына қол жеткізді.