Салалар
Талқылаулар
Новость

"Ауғанстан – біздің жадымыз бен азабымыз"
2024 жылдың 12 ақпаныңда "№2 Новоишим орта мектебі" КММ кітапханашылары 1-11 сынып оқушыларына Ауғанстаннан әскерлердің шығарылғанына 35 жыл толуына орай: "Ауғанстан – біздің жадымыз бен азабымыз" атты тақырыптық көрме ұйымдастырды.
Мақсаты:
- өскелең ұрпақтың азаматтық-патриоттық сезімдерін тәрбиелеу;
- әскери борыш пен Отанға адалдық, ар-намыс, батылдық, жанқиярлық туралы түсінік қалыптастыру;
- ауған оқиғаларына қатысушыларға құрмет сезімін ояту.
Ауғанстандағы соғыс - дәуір шежіресінің ең қасіретті беттерінің бірі. Ол соғыс ардагерлерінің ғана емес, барлық кейінгі ұрпақтардың жадында мәңгі қалады. Бұл күні ел 1979-1989 жылдары Ауған соғысына қатысқан интернационалист жауынгерлерге құрмет көрсетеді. Бұл қаза тапқандарды еске алу ғана емес, сонымен қатар өзінің әскери және халықаралық борышын адал әрі батыл атқарған тұлғалардың барлығына шынайы ризашылық пен алғыс білдіру. Қазақстандықтар ауған әскери қақтығысына Кеңес әскери контингенті құрамында қатысты. 1979-1989 жылдар аралығында Ауғанстанға халықаралық борышын өтеу үшін Қазақстаннан жіберілген әскери қызметшілердің саны 22 269-ды құрады. Біздің сарбаздарымыз бен офицерлеріміз Отанға және антқа адалдық танытып, батылдық, табандылық пен батырлық көрсетті. Олардың көпшілігі жауынгерлік ордендермен және медальдармен марапатталды. Ауғанстанда қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге ескерткіштер: Алматы, Атырау, Қарағанды, Теміртау қалаларында, Ақмола облысы мен Қарқаралы ауданында (Қарағанды облысы) орнатылды.

