Салалар
Талқылаулар
Новость

"Жаратылыстану- математика бағытындағы пәндер" әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында зерттеу топтарының LS сабақтарының циклі бойынша ақпанның 6-сы күні 9-сыныпта физика пәнінен "Тербелмелі қозғалыстың теңдеуі" тақырыбында зерттеу сабағы өтті.
Пән мұғалімі Садвакасова Туғаныс Акжигитовна әріптестерімен бірлесе жоспарлаған сабағында "Google forms" , "Plickers"қосымшаларын қолдана отырып, жұптық және жеке жұмыстарды жүргізді.
Тапсырма тексергенде "Plickers" қосымшасы уақытты үнемдеуге септігін тигізді. Сабақта жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты арттыруға арналған тапсырма да болды. Зерттеу тобымен зерттеу сабағы талқыланып, бақылаулармен бөлісіп, келесі сабақта ескерілетін ұсыныстар да белгіленді.