275
0
1013
1727
1455
https://www.facebook.com/profile.php?id=100023833780653
Кез келген жастағы балаларды сурет салуға үйретудің басты принципіне көрнекілік жатады: бала өзі бейнелемек затты, құбылысты білуге, көруге, сезінуге тиіс. Балалардың заттар мен құбылыстар туралы анық та айқын түсініктері болуы қажет. Сурет сабағында пайдаланылатын көрнекі құралдар көп, олардың барлығы да суреттей алуы керек. Бәрінен бұрын, көрнекіліктің негізін тәрбиешінің сурет сабағы үстіндегі әрекеті атқаратын болады. Сәби сол тәрбиешінің сурет салу кезіндегі әрекетіне еліктей бастайды. Еліктеу мектеп жасына дейінгі кезеңде белсенді үйретудің міндетін атқарады. Суреттің қалайша пайда болуын бақылап тұрғанда сәбидің бойында форманың, түр-түстің жазықтықтағы кескінделуінің әр түрлі ерекшеліктерін көре білу қабілеті қоса дамиды. Бірақ, өздігінше дербес ойлаудың, бейнелеудің, үйренген дағдыларды еркінше қолдана білудің дамуы үшін тек еліктеудің бір өзі әлі жеткіліксіз. Сондықтан да балаларды сурет салуға үйретудің тәсілдері бірте-бірте күрделене түседі.
b1030skobilim
388
09.02.2024 в 16:20
Білім