Салалар
Талқылаулар
Новость

Қалалық дебат турнирі.
Пікірсайыстың оқушыларға берері мол. Оқушыларды түрлі тақырыпты талқылауда сын көзбен қарап, өзіндік баға беруге, өзін-өзі дамытуға, адамдармен еркін қарым-қатынас орнатып қоғам өміріне белсенді араласуға тартады. Астана қаласындағы №38 мектеп-лицейінде қалалық дебат турнирі болып өтті. Турнирге 24 фракция қатысты. Турнирде түрлі ауқымды тақырыптар талқыланды. Турнир нәтижесі бойынша Біздің №64 мектеп-лицейдің 8 сынып оқушылары Болат Жадыра мен Айдосқызы Айша Алғыс хатқа ие болды. Бұл ойын пікірталасты жетілдіруге үлкен тәжірибе болды. Алдағы турнирде алар асуларыңыз мол болсын, жас пікірсайысшылар!