Салалар
Талқылаулар
Новость

«Қазақ тілі мен әдебиеті»
«Қазақ тілі мен әдебиеті»
21 ақпан күні сағат Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқытуда инновациялық бастамалар: Soft skills дағдыларын дамыту» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті.
Іс-шара аясында 3 коучинг, 3 ашық сабақ, 1 шеберлік сыныбы, 1тренинг, 2 сыныптан тыс жұмыс және педагогикалық жәрмеңке өтті.
Қалалық семинар-практикумға 20 аса мұғалім қатысып, іс-тәжірибесімен алмасты. Жоспар бойынша бекітілген бағдарлама аясында өтілген іс-шараға мұғалімдердің қызығушылығы артып, ойлары мен әдістерін ортаға салып, білмегендерін қайта сұрап жатты. Бұл семинар-практикумның жас мамандар мен тәжірибесі мол ұстаздарды тоғыстырып, ақпарат алмастырып, таныстырған қалалық семинар болды.
Соңында алған әсерлері мен ұнаған әдістерін, әріптестеріне қолдау мақсатында ортаға өз ойларын, мадақтарын, алғыстарын, жылы лебіздерін білдіріп жатты. Барлық ұстаздар жақсы көңіл-күймен тарқасып, қалалық семинар-практикумды жоғары деңгейде өтті деп бағалады.





