Салалар
Талқылаулар
Новость

Балаға үйрету: Ақылыңды мейірімге орап бер.
Мектебімізде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы жұмыс жоспары аясында "Балаға үйрету: Ақылыңды мейірімге орап бер" тақырыбында 2-сынып ата-аналарына ата-аналар жиналысы өтті. Материал туралы презентация жасалынды. ”Екі жұлдыз” жұптық кейс тапсырмасы орындалды. “Біз біргеміз”тренинг ұйымдастырылып өтті. Жиналыс барысында пән мұғалімдерімен тікелей байланыс сұрақ-жауап диалогтық алаңдар өз жұмысын өткізді. Қатысқан ата-аналар тақырып бойынша кері байланыс берді. Ата-ана тарапынан қойылған сауалдарға жауаптар алынды. ВИДЕО КӨРУ
Ашық есік күн барысында шешілетін міндеттерге:
- отбасы мүшелерін эмоционалды жақындастыру үшін жағдай жасау;
- қатысушыларды сезімдері мен эмоцияларын өздігінен білдіруге үйрету;
- тренингке қатысушыларды эмоционалдық қауырттылықтан құтылу тәсілдеріне, негативті эмоцияларды шығара білуге үйрету;
- әрбір қатысушының бойында эмпатия сезімін қалыптастыру;
- ата-аналар мен балаларда эмоционалдық қолдауды сезіну дағдыларын қалыптастыру болып табылды.