Салалар
Талқылаулар
Новость

Мектеп түлектерін Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындауда мұғалімдерге практикалық көмек көрсету мақсатында Айыртау аудандық білім бөлiмi ағымдағы жылдың 23 ақпанында «ҰБТ-ға дайындықтың жүйелі тәсілі» тақырыбында пән мұғалімдеріне семинар-кеңес өткізді.
Мектеп түлектерін Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындауда мұғалімдерге практикалық көмек көрсету мақсатында Айыртау аудандық білім бөлiмi ағымдағы жылдың 23 ақпанында «ҰБТ-ға дайындықтың жүйелі тәсілі» тақырыбында пән мұғалімдеріне семинар-кеңес өткізді.
Мектеп түлектерін Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындауда мұғалімдерге практикалық көмек көрсету мақсатында Айыртау аудандық білім бөлiмi ағымдағы жылдың 23 ақпанында «ҰБТ-ға дайындықтың жүйелі тәсілі» тақырыбында пән мұғалімдеріне семинар-кеңес өткізді. Семинар аясында жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы екі секцияда жұмыс жүргізілді.
Жаратылыстану -математикалық бағыт бойынша спикер-модератор білім бөлімінің бас маманы Батталова Жұпар Асылбекқызы жүргiздi; Қоғамдық-гуманитарлықбағыт бойынша – білім бөлімінің әдіскері Куценко Лариса Ивановна жүргiздi;
Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау тәжірибесімен ауданның келесi мұғалiмдерi бөлісті: №1 Саумалкөл орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Букенов Ерлан Жұмабекұлы,
Саумалкөл No2 мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі Нурмухамбетова Гульнар Калеловна,
Аленова Ләззат Жетпісбайқызы, Бірлестік орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі,
Ольга Владимировна Андреевская, Гусаков орта мектебінің химия-биология пәнінің мұғалімі,
Тәжібаева Марал Думановна, Бірлестік орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі,
Күзенбаева Бибіғайша Сағынбекқызы, Бірлестік орта мектебінің биология пәні мұғалімі,
Юмакулова Наиля Фридовна, Имантау орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Төрежанова Гүлпаршын Насрадиновна, Имантау орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Наталья Владимировна Андриенко, Антоновка орта мектебінің тарих мұғалімі
Саумалкөл ОМ математика пәнінің мұғалімі Оразалинова Алтынгүл Төлеуқызы.
Шараға 100-ге жуық пән мұғалімдері қатысты. Семинар барысында мұғалімдер ҰБТ-ға дайындықты ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасып, өз жұмыстарында туындайтын түйткілді мәселелерді талқылап, аудан мектеп бітірушілерінің білім сапасын арттыруда оқу-тәрбие үдерісіне барлық қатысушылар үшін оңтайлы әдіс-тәсілдерді тапты.
Семинар соңында мұғалімдерге кері байланыс берілді.