Салалар
Талқылаулар
Новость

2024 жылдың 14 ақпанында мектебіміздің 9-сынып оқушылары мен кәсіптік бағдар беруші Д.С.Сейтенова Саумалкөл ауылының Агротехникалық колледжіне JuniorSkills ашық есік күніне барды.
Оқушылар колледж кабинеттеріне экскурсия жасап, оқытушылармен және студенттермен кездесіп, мамандықтар мен біліктіліктер, қабылдау ережелері мен шарттары туралы ақпарат алды. Сонымен қатар, шеберлік сабақтары мен мамандықтардың тұсаукесеріне қатысты.