316
0
1042
1763
1492
22.02.2024 жылы, Өрлеу біліктілікті Арттыру Ұлттық орталығының ұйымдастыруымен және Әлжанова Гүлзат Кенжебекқызы – «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО бойынша КДИ» аға оқытушысы “ ТІЛДІ ҮЙРЕТУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ РӨЛІ” тақырыбында облыстық дөңгелек үстел ұйымдастырды. Аталған шараға облысытың үздік мұғалімдері қатысып өз тәжірибелерімен бөлісті. Біздің мектебімізден Қазақ тілі мен қазақ әдебиет пәні мұғалімі Жусупова Диана Мейрамбекқызы “Оқыту процесіндегі тиімді технологиялар” тақырыбындағы дөңгелек үстелде өз тәжірибесімен бөлісіп, шеберлік сынып көрсетті. Дөңгелек үстелдің Мақсаты: мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тілді оқыту мен меңгерудің жаңа технологиялары мен озық əдістерін енгізу Міндеттері: - қатысушылармен талқыланатын тақырып бойынша өз көзқарасын білдіруге мүмкіндіктер жасау; - ортақ пікірді тұжырымдауға, түрлі ұстанымдарды талқылау; - курстан кейінгі қолдау аясын кеңейту жəне тəжірибемен бөлісуге жағдай жасау. Өрлеу СКО #orleusko
b0130skobilim
134
22.02.2024 в 13:42