Бүгін облыстық мобильді топ аттестаттау ережелерін түсіндіру жұмыстарын жалғастырды.
Бүгін облыстық мобильді топ аттестаттау ережелерін түсіндіру жұмыстарын жалғастырды. Ереженің жобасымен сайтта танысуға болатындығын еске саламыз https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14960592.
Облыстық мобильді топ өкілдері онлайн форматта балабақша меңгерушілерімен, әдіскерлермен, арнайы ББ директорларының орынбасарларымен , балалар үйі және қосымша білім беру ұйымдарымен кездесулер өткізді. Талқылау барысында педагогтерді алдағы аттестаттау философиясы және ережелер жобасына енгізілген негізгі өзгерістер туралы айтылды. Аттестаттау рәсімдері білім беру сапасын арттыруға және үздіксіз кәсіби дамуға бағытталатынын, білім алушылардың жетістіктері арқылы педагог қызметін объективті бағалау жүйесіне негізделетінін атап өткен жөн. Өзгерістер әлеуметтік әділеттілік пен академиялық адалдыққа кепілдік беруге арналған.
Кездесулер барысында қатысушылар өзекті сұрақтар қойып, аттестаттау Ережелері жобасының жекелеген ережелерінің мазмұнын нақтылай алды.
Мобильді топ кестеге сәйкес өзгерістерді түсіндіру бойынша өз жұмысын жалғастырады. Сондай-ақ дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін сенім телефоны жұмыс істейді және педагогтар қажетті ақпаратты ала алады.