Салалар
Талқылаулар
Қауымдастықтар
Новость
Ақпан айының 5 мен наурыздың 1 күні аралығында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің «Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасы және «Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы»КММ «Әдістемелік орталық»КММ ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Алғыс айту күніне арналған облыстық ЕҢ ҮЗДІК ЭССЕ байқауы өтті.
Ақпан айының 5 мен наурыздың 1 күні аралығында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің «Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасы және «Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы»КММ «Әдістемелік орталық»КММ ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Алғыс айту күніне арналған облыстық ЕҢ ҮЗДІК ЭССЕ байқауы өтті. Эссе қазақ, орыс, ағылшын тілінде жазылды. Байқаудың аудандық кезеңіне 33 жұмыс келіп түсті.

Аудандық кезеңде әділ қазылар шешімімен қазақ тілінде жазылған жұмыстардың ішінде үздік деп Саумалкөл қазақ орта мектебінің 7 сынып оқушысы Еркенова Айнұрдың жұмысы танылса, Алпысбаева Сандина (№2Саумалкөл МГ), Мәкен Перизат(Өскен НМ), Биржанова Самира (Мәдениет ОМ), Жаңбыршы Дана (Саумалкөл ҚОМ), Бағлан Раяна (Саумалкөл ҚОМ), Берікбол Аймер (№2 Саумалкөл МГ) 2 орынды, ал Тұрарбек Феруза (№2 Саумалкөл МГ), Асқар Аружан (№2 Саумалкөл МГ), Еқсан Сара (Мәдениет ОМ) 3 орынды иеленді.
Орыс тілінде жазылған жұмыстардың ішінде Матвеев Денс (Саумалкөл №1ОМ), Малышева Виктория (Шалқар ОМ) - 1 орынға, Нургалиева Томирис (№2 Саумалкөл МГ), Еркемұрза Дильназ (№2 Саумалкөл МГ), Воликов Павел (Шалқар ОМ) – 2 орынға, Тунгатбаева Аида (Кирилловка ОМ), Касен Аружан (Айыртау ОМ), Асылбек Нұрай (№2 Саумалкөл МГ) – 3 орынға ие болды.
Ағылшын тілінде жазылған жұмыстардың ішінде Саумалкөл №1 орта мектебінің оқушысы Кучер Матвейдің жұмысы үздік деп танылды. Сырымбет орта мектебінің оқушысы Нұрбол Інжу және Саумалкөл №1 орта мектебінің оқушысы Шумейко Кристина 2 орынды, Сырымбет орта мектебінің оқушылары Бариева Мерей және Болатова Томирис 3 орынға ие болды.
Аудандық кезеңнің қортындысы бойынша 5 жұмыс облыстық кезеңге жіберілді. Облыстық кезеңде Алпысбаева Сандина мен Малышева Викторияның жұмысы 1 орынға, Матвеев Денистің жұмысы 2 орынға, Еркенова Айнұрдың жұмысы 3 орынға лайық деп танылды.
Жеңіпаздарды құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз.