Салалар
Талқылаулар
Қауымдастықтар
Новость
14 наурыз — Көрісу күні.
14 наурыз — Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман — есен шыққанына қуанып, бір — бірімен қол алысады. Осы дәстүрлі мерекені мектебімізде таңғы кездесу сағатынан бастау алды. Ән шашу, таңғы тілектер, күй ойнатылды. Мектебіміздің кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, құшақтасып, ізгілік амалын көрсетті. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» , «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман — есен жетуіңмен!» тілектерін білдірді.