Салалар
Талқылаулар
Новость
Бұл керемет сөздер цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану кезінде өзіндік оқу жұмысының жаңа мүмкіндіктерін жақсы түсіндіреді.
Оқу процесінде цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану - бұл оқу процесін қарқындатуға, оны оңтайландыруға, оқушылардың пәнді оқуға деген қызығушылығын арттыруға, дамыта оқыту идеяларын жүзеге асыруға, сабақ қарқынын арттыруға, өзіндік жұмыс көлемін арттыруға мүмкіндік беретін жолдардың бірі.
«Егер біз бүгін кешегідей сабақ берсек,
Біз балалардың ертенің ұрлаймыз»
Джон Дьюи
Оқу процесінде цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану - бұл оқу процесін қарқындатуға, оны оңтайландыруға, оқушылардың пәнді оқуға деген қызығушылығын арттыруға, дамыта оқыту идеяларын жүзеге асыруға, сабақ қарқынын арттыруға, өзіндік жұмыс көлемін арттыруға мүмкіндік беретін жолдардың бірі. Цифрлық білім беру ресурстары логикалық ойлауды, ақыл-ой еңбегінің мәдениетін дамытуға, оқушылардың өзіндік жұмыс дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді, сондай-ақ оқу процесінің мотивациялық саласына, оның белсенділік құрылымына айтарлықтай әсер етеді.
Ежелгі қытай мақал-мәтелінде: «Ауызша айсаң, мен ұмытып кетемін,
Маған көрсетсен, есімде қалады,
Маған жасап көруге мүмкіндік берсең,
мен үйренемін» делінген
Бұл керемет сөздер цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану кезінде өзіндік оқу жұмысының жаңа мүмкіндіктерін жақсы түсіндіреді.
2024 жылдың 12 сәуірінде «Ақан мектеп-бөбекжай-бақша кешені» КММ-де «Цифрлық білім беру ресурстары болашақтың құзыреттілігін қалыптастырудың тиімді құралы ретінде» атты семинар – практикум өтті. Аталмыш семинарға Гусаковка ОМ, Новосветловка ОМ, Константиновка МББК, Нижнеборлық МББК, Арыкбалық ОМ, Ақан БМ, Целинный БМ бастауыш сынып, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті және математика пәндерінің мұғалімдері қатысты.
Семинарға қатысушыларды бір-бірімен таныстыру және жақсы көңіл-күй қалыптастыру мақсатында педагог-психолог Т.В.Рябинина «Бүгін бәріміздің осында жиналғанымыз қандай керемет» тақырыбында тренинг өткізді.
Семинардың келесі кезеңі ашық сабақтар болды:
- 7 сыныпта алгебра сабағы: «Все действия с алгебраическими дробями» (мұғалім Клюшникова Н.И);
- 5 сыныпта орыс әдебиеті сабағы: «Сказка ложь, да в ней намек! Кто познает – тем урок!» «Руслан и Людмила» А.С.Пушкин (мұғалім Ступаченко К.Ю);
- 4 сыныпта математика сабағы: «Сравнение выражений, содержащих обыкновенные дроби с одинаковыми знаменателями» (мұғалім Шафорост А.А.);
- 11 сыныпта қазақ тілі мен әдебиеті сағабы: Сайын Мұратбеков «Телі өскен ұл» (мұғалім Есламова Ж.К.);
- 3 сыныпта математика сабағы: «Решение задач» (мұғалім Есметова А.Ж.);
- 8 сыныпта алгебра сабағы: «Квадратное неравенство. Рациональное неравенство» (мұғалім Кригер И.С.).
Әрі қарай педагогтар келесі тақырыптар бойынша шеберлік сабақтарына қатысты:
- «Білім берудегі инновациялық тәсілдер: оқытудың тиімді стратегиялары» (Шафорост А.А.);
- «Цифрлық білім беру ресурстары электрондық білім беру кеңістігінің құрамдас бөлігі ретінде» (Титов С.В.);
- «Гуманитарлық бағыттағы пәндерді оқытуда цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану» (Пичикова Ю.В.).
Шеберлік сабақтарды өткізу уақытында қатысушыларға тек қана теориялық ақпарат беріліп қана қоймай, қатысушылардың өздері цифрлық білім беру ресурстарын жасап көруге мүмкіндіктері болды.
Аталған семинарды ұйымдастырылуы және өткізілуі, ұсынылған тәжірибенің мазмұны оқу процесінде цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану бойынша қатысушылардың оң пікірлерін алды.