Салалар
Талқылаулар
Новость
27 сәуір күні Айыртау ауданының қосымша білім беру орталығында «AIRTAU ROBOFEST» аудандық спорттық робототехника біріншілігі болып өтті.
«AIRTAU ROBOFEST» ЖАРЫСЫ
Айыртау ауданының қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткен жарыста мектебіміздің робототехника үйірмесінің оқушылары «СУМО 15х15», «Арқан тартыс», «Сызық бойынша жарысу» және «Адымдап жүретін роботтар жарысы» санаттарында қатысты.
Жарыстың қорытындысы бойынша «СУМО 15х15» санатында жүлделі ІІІ орынға Серікбай Арғын қол жеткізсе, ІІ орынға Жұманов Жанболат пен Қуандық Махамбет ие болды.
«Арқан тартыс» санатында жүлделі ІІ орынды Уразгалиев Ерасыл мен Ақмолла Нұрмұхаммед иеленді,
«Сызық бойынша жарысу» санатында Алпысбай Меруерт ІІ орынға қол жеткізсе, «Адымдап жүретін роботтар жарысы» санатында Бақыт Ерасыл мен Серік Айым I орынға қол жеткізді. Жүлдегерлер оқушыларымызды жеңістерімен құттықтап, алда жетістіктер тілейміз.