#біртұтастәрбие #қауіпсіздікережесі #антитеррор #өртқауіпсіздігі Бүгін мектебімізде қауіпсізідк жаттығу болды. Жаттығу тақырыбы: мектеп ғимаратынан балалар мен мектеп қызметкерлерін эвакуациялау. Оқу мақсаты: өрт және төтенше /антитеррор/ жағдайлар кезінде адамдарды мектеп ғимаратынан эвакуациялау дағдыларын жетілдіру Эвакуацияның ұзақтығы: 3 мин. Қатысушылар құрамы: мектептің барлық қызметкерлері мен оқушылары жаттығуға қатысушылардың әрекеттері: өрт пен антитеррор қоңырау дабылы бойынша мектеп ғимаратынан оқушыларды, оқытушыларды, техникалық персоналды дереу эвакуациялауды жүргізу. Мектеп оқушылары, оқытушылар, техникалық қызметкерлер негізгі және 2 қосалқы эвакуациялау жолдары арқылы мектеп ғимаратынан эвакуацияланды. Эвакуацияға сигнал берілгеннен кейін оқушылар мұғалімнің еріп жүруімен эвакуациялау жоспарына сәйкес эвакуациялық шығу жолдары арқылы далаға шықты. Көшеге шыққаннан кейін барлығы мектеп алаңына жиналды. Эвакуациялау жоспарларын практикалық пысықтау-объект персоналын кәсіптік даярлаудың маңызды құрамдас бөлігі. Олар персоналдың өрт сөндіруге және төтенше антитеррор жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындығын бақылаудың негізгі нысаны болып табылады. Жаттығу кезінде қызметкерлерде өрт пен антитеррор жағдайында дұрыс шешімдерді тез табу, эвакуацияны ұжымдық жүргізу, оны сөндіру мен антитеррор бойынша жұмыс, Өрт сөндіру құралдарын дұрыс қолдану және терроризм кезінде қауіпті заттарға тиіспеу , қасына бармау , ұялы телфонды қолданбау туралы дағдыларды қалыптастыру мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.