Ағымдағы жылдың 01 қазанында «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де
5-6 сыныптарға арналған Республикалық «Алтын сақа» математикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыру, ғылымға баулу, математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру, олимпиада резервтерін қалыптастыру және қабілетті балаларды анықтап, ынталандыру.
5-6 сынып оқушылары осы математикалық олимпиадаға белсене қатысты.
Өте жоғары ұпай алған оқушыларға аудандық кезеңде шығармашылық табыстар мен жеңістер тілейміз!!!