2024 жылдың 1 қазанында «№2 Новоишим орта мектебі» КММ кітапханашысы А.М.Базарбаева Халықаралық қарттар күніне орай 1-11 сынып оқушыларына көрме ұйымдастырды.
Мақсаты:
- Жастар бойына ұлттық, ұлағатты қасиеттерді сіңіріп, оқушыларды имандылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу және оқушы бойына әдептілік және адами қасиеттерді қалыптастыру;
- Жақсы мен жаманды ажырата біліп, аталы сөзден ғибрат алу.
Төрінен қарт кетпесін деп тілеген халықпыз. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу- біздің ата дәстүріміз.Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіне нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз міндеті өлшеусіз. Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір- қасиеті ше! Ананың ақ сүтін, әкенің адал еңбегін ақтау- өз болашағыңды сақтау. Көпті көрген дана-гөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ата - баба аманатына адал, ұлттық тәлім - тәрбиені бойына сіңірген, еңбекқор, кішіпейіл, мейірімді, төзімді, өнерлі тұлға тәрбиелеу парызымыз. Біздің халқымыз ежелден адамгершілікті, инабаттылықты сыйластық пен сыпайылық қасиеттерді өз бойына сіңіре білген, дуалы, салиқалы санаты от ауызды, орақ тілді дана қарттарымызды әрқашан құрметтей білетін дана халық! Қадірлі ата - әжелер мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздер жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.