Отрасли
Сообщества
Новость
БІЛІМ БЕРУДІҢ БІРІКТІРІЛГЕН ТӘСІЛІ
Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2024 жылғы 01 қазан күні «Заманауи мектепте пәндерді біріктіру - жаңа педагогикалық идеяларды белсенді іздеу» семинар-практикумын өткізді.
Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2024 жылғы 01 қазан күні «Заманауи мектепте пәндерді біріктіру - жаңа педагогикалық идеяларды белсенді іздеу» семинар-практикумын өткізді.
Семинарға облыс мектептерінен 200-ден астам педагог қатысты.
Табысты оқушыны қалыптастыру тәсілі ретінде интеграциялау, білім алушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру құралы ретінде пәндерді интеграциялау және сабақтарда оқу-танымдық қызметті жандандыру туралы облыс мектептерінің математика, физика, тарих, география пәндерінің мұғалімдері айтып берді. Қазақ тілі мен әдебиеті, информатика пәнінің мұғалімдері цифрлық технологияларды, білім беру платформаларын, жасанды интеллект технологияларын тәжірибеде пайдалану тәжірибесін ұсынды.
Соңында педагогтер семинардың практикалық маңыздылығын атап өтті.