Отрасли
Сообщества
Новость
Ұстаз болу – жүректің батырлығы
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы
– деп ақын Ғ. Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз деген.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек. Осындай жолы мен жөні бөлек аяулы ұстазымыз – шәкірттерінің мақтанышы ғана емес, бүкіл ел мақтанышы Маширова Фариза Есенкуловна –отыз жылдан артық білім саласында еңбек етіп,қазіргі таңда осы салада жұмысын жалғастыруда.
Фариза Есенкуловнаны кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтап, сізге шексіз алғыс айта отырып, өмірлеріңіз әрқашан шаттыққа толы болсын деп тілейміз.
Ізгі тілекпен: « №1 жалпы білім беретін мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымы