Отрасли
Новость
Театрлар жүлделі оралды.
Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры республикалық театрлар сынынан жүлделі оралды.
Жазушы Б.Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай, Шығыс Қазақстан облысындағы Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ ұлттық драма театрының ұйымдастыруымен өткен Қазақстан драма театрларының ХХХ республикалық фестивалінде Аймауытов театры жүлделі болды. Ұжым ұсынған «Менің атым Қожа» (реж.: Ж.Садықов) спектаклі «БЕРДІБЕК СОҚПАҚБАЕВ АТЫНДАҒЫ АРНАЙЫ СЫЙЛЫҚ» (1.000.000 тг) номинациясына ие болды.
Адамның ой-өрісі мен танымын ұшқыр қиялға жетелейтін, кейіпкерлерін ізгі қасиеттерге тәрбиелейтін қойылым фестивальде алғашқы болып қойылып, қазылар алқасының ықыласына ие болды. Ал көрермен қауым еркін мінезді қазақ баласының қайсар бейнесін көрсететін позитивті шығарманы жылы қабылдады.
Еске сала кетейік, қыркүйек айында Павлодарда Алаш арысы Жүсіпбек Аймауытұлының 135 жылдық мерейтойына арналған «Ертіс-Баян» І республикалық театр фестивалі өтті. Аталған сында жергілікті театр Павлодар облысы әкімінің арнайы жүлдесін иеленді.