Отрасли
Новость
“Қыз қылығымен көркем”
Бүгін, 18.10.2024ж.күні мектебімізде “ Қыз-қылығымен көрікті тақырыбында 5-10 сынып білім алушыларының қыз балаларымен “Қыз қылығымен көркем” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға аудандық емхана мамандары, психолог: Тұранова Ақниет Жауынбайқызы және Гинеколог: Пернебеков Иман Серікбекұлы қатысты.

Мақсаты - Қыз бала әдептіліктің, әдеміліктің, сұлулықтың жаршысы екенін түсіндіру, қыз баланың бойына ұлттық дәстүрімізді сіңіре отырып, оларды жаман әдетте аулақ болуға шақырып, кішіпейіл, инабатты, мейірімді болуға тәрбиелеу.
Отырысты мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: М.Аринова ашып, қоғамда болып жатқан жат қылықтан аулақ болып, ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды сақтап, қыздарға тән қарапайымдылық, сыпайылық, имандылық қасиеттерін бойымызда сақтап, ақылды, білімді болуға кеңес берді. Мектеп медбикесі Жарылғапова Айжан Тулегенқызы таза жүру, дұрыс тамақтану, салауатты өмір салтын ұстану денсаулық кепілі екенін айтып өтті. Одан әрі “Ерте жүктіліктің алдын алу” тақырыбында арнайы келген мамандардың кеңесімен жалғасты.