«Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында «Туған жерім – мақтанышым» тақырыбында «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де ақындар айтысы өткізілді. Айтысқа 5 «А»сынып Рүстемұлы Даниал және 7«А»сынып Мұхтар Нұрислам оқушылары қатысып, тартысты өнер көрсетті.
Айтыс мақсаты: ұлттық рух пен патриотизмді, өз халқына және оның дәстүрлеріне құрмет сезімін тәрбиелеу, эмоционалды интеллекті қалыптастыру, айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнердің баға жетпес мұрасы ретінде дәріптеу арқылы дарынды шығармашыл жастарды анықтау.
Көрермендердің шапалақтары арқылы 7«А»сынып оқушысы Мұхтар Нұрислам жеңіске жетті.