2024 жылғы 6 қарашада «Адал ұрпақ» еріктілер клуб мүшелері " №2 Новоишим орта мектебі"КММ-де «Адалдық» дүкенін ұйымдастырды. Жобаның басты мақсаты-мектепте сенім атмосферасын біртіңдеп құру және оқушыларға өзін жақсы, адал адам ретінде анықтауға мүмкіндік беру. Бұл жоба мектеп оқушыларын адалдыққа, мәдениеттілікке, қамқорлыққа, сыйластыққа баулиды. Бұл дүкеннің ерекшелігі-дүкенде дүкенші жоқ. Оқушылар өзіне қажетті мектеп құралын және керекті заттарын алып, арнайы кассаға ақысын қалдырды. Осылайша өзінің алдында және өзгенің алдында адал болуға үйренеді және телефон нөмірі арқылы банкілерге аударма жасалды. Түскен қаражатқа тағы да жаңа заттар алынды.
Осындай дүкендерді енгізу оқушылар арасында адалдық пен адамгершілік сияқты оңтайлы моральдық қасиеттерді қалыптастырады. Сенім мен адалдыққа негізделген дүкеннің есігі әрдайым ашық! «Адалдық дүкені» сендерді күтеді, оқушылар!