Отрасли
Новость
біртұтас_тәрбие
15 қараша күні -Ұлттық валюта күні. "Теңге" атауы "денге" немесе "таньга" сөзінен шыққан. Бұл – орта ғасырдағы түркі күміс монеталарының тарихи атауы. Бұл атауды академик Сауық Тәкежанов ұсынды. Сауық Темірбекұлы Тәкежанов – Халықаралық инженерлер академиясының академигі, белгілі ғалым, КСРО мемлекеттік сыйлығының және "Құрмет" орденінің иегері. Ал 1993 жылы 12 қарашада сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы" жарлыққа қол қойды.
Сонымен 1993 жылдың 15 қарашасында тарихи оқиға – Тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл валютасы айналымға енді. Араға 4 жыл салып, 1997 жылы президент жарлығымен 15 қараша төл валютамыздың айналымға енген күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді. Білім алушылар өткізілген сынып сағаттарынан теңгенің шығу тарихымен танысып, теңге банкноттарының ерекшеліктерін білді