2024жылдың 13 қарашасында «Новоишим орта мектебі №2» КММ кітапханашысы Ұлттық валюта теңге күніне арналған бейнебаянды 1-11 сынып оқушыларына ұсынды.
Мақсаты: Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызы түсіндіру.Ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіру, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру.Оқушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту.Тәуелсіздік алған елдің ең бір айрықша белгісі-ұлттық валюта.Ол Қазақстан Республикасының төңірегінде пайдаланылатын заңды төлем құралы.1993 жылы 12қарашада еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан Республикасында валюта енгізу туралы»жарлыққа қой қойды. 1993 жылы 15қарашада алғашқы валюта Англияда «Харрисон және оның ұлдары» компаниясында жасалған алғашқы тиындар Германияда жасалды. 1992 жылы елде төрт адамнан құралған дизайнерлер тобы жасақталды.Теңгенің авторы дизайнерші Тимур Сүлейменов,қылқалам шеберлері Қайролла Ғабжалилов, Мендібай Әлин мен Ағымсалы Дүзелхановтың үлесіне тиді.1993жылдың 15қарашасында Қазақстанның ұлттық валютасы- теңге айналымға енді.Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі –ұлттық валюта.Осы тарихи күннен бастап 15 қараша Қазақстанда ұлттық валюта күні деп аталады.Ақша – асыл қазына, халық байлығы екені ұмытпаған жөн.