Отрасли
Новость
19.11.2024 күні мектепте адам папиллома вирусы (АПВ)-ның алдын алу мақсатында 6-8 сыныптың аналарымен кездесу өткізілді.
Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 19.11.2024 күні мектепте адам папиллома вирусы (АПВ)-ның алдын алу мақсатында 6-8 сыныптың аналарымен кездесу өткізілді.Кездесуге Балқаш қаласы№1 емханасының гинеколог врачы Хажай Оралған және Балқаш қаласы көпсалалы аурухана психологы Омаров Виталий Александрович және мектеп медбикесі Жазибекова Саягул Саменовна шақырылды. Мамандар Қазақстанда 2024 жылы папиллома вирусқа қарсы вакцинация басталғаны туралы айта келе,осыған байланысты 11,12,13 жастағы қыздарды иммундау жоспарланғандығы және вакцина қыз балаларды жатыр мойны қатерлі ісігінен қорғайтындығы,осыған байланысты екпе мектептерде, мектептердің медициналық кабинеттерінде ата-аналардың рұқсатымен ерікті түрде салынатындығы туралы түсіндіріп өтті.Ата-аналар сұрақтарына мамандар толық жауап берді.