Отрасли
Новость
Ел ертеңі-білімді ұрпақ
Қазан айының 24-ші жұлдызында М. Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде "Ел ертеңі-білімді ұрпақ" тақырыбында интеллектуалды ойын өткізілді. Ойын 8 сыныптар аралығында өткізілді. Берілген тапсырма тұрақты тіркестердің мағынасын ашу, сұрақ- жауап, логикалық есептерден құралды. Оқушылар «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атануға талпынды. 8«Ә» сынып оқушылары тұрақты тіркестің мағынасын ашудан жан салмаса, 8«В» сынып логикалық есепке жүйрік екен. Ш. Мұртаза атындағы орта мектебінің 8сынып оқушылары сұрақ- жауап айдары бойынша белсенділік көрсетті. Ойын соңында 8«Ә» сынып 1орынды, 8«В» сынып 2 орынды, Ш. Мұртаза мектебінің оқушылары 3орынды иеленді.
,