Отрасли
Обсуждения
Новость
Зорлық – зомбылық – қоғам дерті
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (ресурстық орталық) қысқы сессия барысында 11 «А» сынып оқушылары мен сынып жетекшісінің Сырымбетова Ш. ұйымдастыруымен "Зорлық – зомбылық – қоғам дерті" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуге тәрбиелеу.
.
"Зорлық – зомбылық – қоғам дерті" атты дөңгелек үстелге директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Джексенбаева, директордың ғылыми – әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А. Пазылбекова, тарих пәні мұғалімдері, математика, қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімдері, магниттік мектеп ұстаздары мен 10-11 сынып оқушылары қатысты.
Дөңгелек үстел зорлық – зомбылық туралы , олардың қандай түрлері болатыны туралы айтылып басталды. Слайдта зомбылықтың қандай түрлері болатыны туралы көрсетіліп айтылды. Статистикалық мәлімет бойынша елде жыл ішінде 500 дей әйел мен бала тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны болатыны айтылды. «Отбасындағы зомбылық » туралы бейнеролик көрсетілді. Осы бейнероликке байланысты бірнеше сұрақтар қойылып әңгіме жүргізілді. Бірінші отбасындағы зорлық – зомбылық туралы, одан кейін сексуалдық зорлық зомбылық туралы талқыланды. Келесі мәселе психологиялық зорлық – зомбылық және буллинг туралы мәліметтер айтылып, әңгімелер өрбіп,қызу талқыға салынып, әр қатысушы өз пікірлерін айтты.
Сонымен қатар көрермен оқушылар да, ұстаздар да зорлық-зомбылық жайлы айтып, ой пікірлерімен бөлісті.
,