Отрасли
Новость
«Жылдың үздік психологы 2024»
Білім беру ұйымдарының психологтары арасында «Жылдың үздік психологы 2024» республикалық байқауының облыстық кезеңі аяқталды. Байқаудың мақсаты – дарынды психологтарды анықтау және қолдау, олардың одан әрі кәсіби және шығармашылық өсуіне жәрдемдесу, сондай-ақ білім беру ұйымдарында психологтардың озық тәжірибесін насихаттау және тарату. Байқауға мектептердің, балабақшалардың, мамандандырылған мектептердің, қосымша білім беру ұйымдарының, психологиялық педагогикалық түзету кабинетінің психологы, жалпы 23 психолог қатысты.

Конкурстың облыстық кезеңінің қорытындысы:
I саты-3 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар психологтар:
ІІ орын - Қайыржан Мадина Қуанышқызы, педагог психолог, Ертіс ауданының «Амангелді жалпы орта білім беру мектебі» КММ;
ІІ саты - 3-7 жыл жұмыс өтілі бар психологтар:
І орын- Дмитриева Лаура Николаевна, педагог-психолог, Тереңкөл ауданы «№1 Песчан жалпы орта білім беру мектебі» КММ;
III саты-7 жылдан астам жұмыс өтілі бар психологтар:
І орын - Омарханова Жазира Пишембаевна, педагог-психолог, Павлодар қ. «Абай атындағы дарынды балаларға арналған гимназия» КММ;
ІІ орын - Байсадуова Алмагуль Сериковна, педагог-психолог, Павлодар қаласының «№ 24 жалпы орта білім беру мектебі» КММ;
ІІІ орын - Гильмиянова Наталья Александровна, педагог-психолог, Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» КММ
«Психолог-зерттеуші» номинациясы - Крысова Наталья Дмитриевна, педагог-психолог, Павлодар ауданы білім беру бөлімінің «Черноярка жалпы орта білім беру мектебі» КММ
«Креативті психолог» номинациясы - Ешманова Айнур Имановна, педагог-психолог, Павлодар ауданы білім беру бөлімінің «Кемеңгер ауылының «Аяла» сәбилер бақшасы» КМҚК
«Кәсіби шеберлік» номинациясы - Попп Ирина Александровна, педагог-психолог, Тереңкөл ауданы білім беру бөлімінің «Осьмерыжск негізгі жалпы білім беру мектебі» КММ
«Үздік авторлық бағдарлама» номинациясы - Ханафия Мадина, педагог-психолог, Павлодар қ. «Ә.Бөкейхан атындағы мектеп лицейі» КММ;
«Ең жас психолог» номинациясы - Халибекқызы Макпал, педагог-психолог, Май ауданы білім беру бөлімінің «Ақжар жалпы орта білім беру мектебі» КММ
«Психологтың үздік портфолиосы» номинациясы - Садыкова Шынар Тоигазиновна, педагог-психолог, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің «Академик Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешені» КММ