Отрасли
Новость
Пәндік нәтижелерді қалыптастырудың кешенді тәсілі: технологияларды жоспарлау, бақылау
2024 жылғы 22 қараша күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаты базасында «Пәндік нәтижелерді қалыптастырудың кешенді тәсілі: технологияларды жоспарлау, бақылау» тақырыбында география пәнінің жас педагогтеріне арналған облыстық семинар – практикум өткізді.

Шараның ерекшелігі – теория мен практиканың үйлесімділігі. Теориялық бөлімде қазіргі білім беру талаптарына сай пәндік нәтижелерді қалыптастырудың кешенді тәсілдері нақты мысалдармен түсіндірілсе, практикалық кезеңде жас педагогтер өз кәсіби біліктілігін арттыруға мүмкіндік алды.
Жас педагогтерге пәндік нәтижелерді жоспарлау мен оларды бақылау үдерісінде заманауи әдістемелер мен технологияларды тиімді қолдану жолдары ұсынылды. География пәні бойынша білім алушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамытуға, картамен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге және практикалық тапсырмаларды орындау арқылы пәндік нәтижелерді бағалауға бағытталған мазмұнды практикалық жұмыстар жүргізілді.
Қатысушылар тиімді әдістерді оқыту үрдісінде пайдалану туралы нақты ұсынымдар қабылдады.