Отрасли
Обсуждения
Новость
Мектепке дейінгі және мектептегі білім берудің сабақтастығы
2024 жылғы 4 желтоқсан күні Павлодар облысының Білім беру басқармасы Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Мектепке дейінгі және мектептегі білім берудің сабақтастығы: тәжірибе шеберханасы» тақырыбында мектеп және балабақша басшыларына, әдіскерлер мен тәрбиешілерге, мектепке дейінгі ұйымдар педагогтеріне және бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған IІІ Республикалық Форум өткізді.

Форумға Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясының қызметкерлері, ҚР ОАМ «Балаларды ерте дамыту институты», әдістемелік орталықтардың/кабинеттердің әдіскерлері, білім беру ұйымдарының басшылары, Абай, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Алматы, Астана, БҚО облыстарынан мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері қатысты.
Конференция ұйымдастырушыларына 200-ден астам өтінім келіп түсті. «Балабақша - жайлылық пен даму аумағы», «Бастауыш мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кеңістігіндегі тиімді педагогикалық технологиялар», «Даму, тәрбие және оқыту үдерісінде көзқарастарды өзгерту», «Инклюзивті білім беру жағдайында мектепке дейінгі және мектептік білім беру ұйымдарының сабақтастығын қамтамасыз ету» тақырыптық алаңдары педагогикалық қоғамдастықтың үлкен қызығушылығын туғызды.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтері, бастауыш сынып мұғалімдері білім беру процесін ұйымдастырудың үздік тәжірибесімен танысты, балабақшада ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың тиімді тәсілдерін талқылады, мектепке дейінгі мен бастауыш білім беру қызметін тиімді ұйымдастырудың сабақтастығы бойынша тәжірибесін жинақтады.
Форум жұмысының қорытындылары бойынша әдістемелік құралдар мен жұмыс дәптерлер жинағы электронды форматта (PDF) шығарылатын болады.