Отрасли
Обсуждения
Новость
Көшбасшылыққа үйренеміз
2024 жылғы 26 желтоқсанда Павлодар облысының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы орта білім беру ұйымдары басшыларының кадр резерві мектебінің алғашқы қатысушылары үшін соңғы кезеңін өткізді Кейс-сұхбатқа 39 педагог қатысты, олар 9 ай бойы мектеп қызметін тиімді басқару үшін қажетті жеке, басқарушылық және талдамалық құзыреттіліктерін дамытты.

Әңгімелесу барысында мектепті басқару тәжірибесінен ситуациялық тапсырмалар арқылы сарапшылар стратегиялық басқаруға дайындығын, өмірлік және кәсіби құндылықтарын, көшбасшылыққа ұмтылысын, адамдармен қарым-қатынас жасай білуін, шешімдерінің нық әрі дұрыстығын бағалады.
Резервшілер тек аналитикалық және көшбасшылық қасиеттерді ғана емес, сонымен қатар мақсаттылықты, өзін-өзі тәрбиелеуді, уақытты басқару дағдыларын көрсетті.
Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының Мақсатты индикаторын орындау мақсатында басшылардың кадр резервін дайындау үшін Кадр резерві мектебіне қатысушылардың екінші жиынтығы 2025 жылғы қаңтарда өтеді.