Отрасли
Обсуждения
Новость
Білім беру ортасында діни экстремизмнің алдын алу: өзара әрекеттесу стратегиялары, толеранттылықты тәрбиелеу және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру
2024 жылдың 30-желтоқсан күні Павлодар облысы білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Зайырлылық және дінтану негіздері» юнитін жүргізетін және тарих пәні педагогтеріне «Білім беру ортасында діни экстремизмнің алдын алу: өзара әрекеттесу стратегиялары, толеранттылықты тәрбиелеу және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел ұйымдастырды.
2024 жылдың 30-желтоқсан күні Павлодар облысы білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Зайырлылық және дінтану негіздері» юнитін жүргізетін және тарих пәні педагогтеріне «Білім беру ортасында діни экстремизмнің алдын алу: өзара әрекеттесу стратегиялары, толеранттылықты тәрбиелеу және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шара екі форматта: оффлайн және Zoom платформасында жүргізілді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – білім беру мекемелерінде діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді талқылау, сондай-ақ, толеранттылықты қалыптастыру және азаматтық жауапкершілік құндылықтарын нығайту.
Аталған іс-шара барысында келесі мәселелер талқыланды:
- Жастар арасында толеранттылықты қалыптастыру тәсілдері.
- Діни экстремизмнің алдын алу жолдары.
- Қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттесуді нығайту.
Дөңгелек үстелдің нәтижесінде жастарды діни экстремизмнен қорғауға бағытталған ұсыныстар мен бағыттар берілді.