Отрасли
Обсуждения
Новость
Мұғалімдер үшін сын тұрғысынан ойлаудың маңызы
2025 жылдың 5 қаңтарында Тірек, магниттік және серіктес мектеп мұғалімдеріне арналған "Мұғалімдер үшін сын тұрғысынан ойлаудың маңызы"атты семинар өткізілді.
Семинардың негізгі мақсаты — сын тұрғысынан ойлау концепциясын мұғалімдердің күнделікті оқыту тәжірибесіне енгізу. Сонымен қатар, мұғалімдерге сын тұрғысынан ойлау әдістемелерін тиімді пайдалану және оқушыларды осы дағдыға баулу жолдарын көрсету.
Жауапты мұғалімдер: физика пәні мұғалімі Б. Сайлаубаев, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж. Ахина. Семинарға тірек мектеп мұғалімдерімен бірге серіктес және магниттік мектеп мұғалімдері қатысты.
Семинар қатысушыларды “Шабыт шеңберіне” шақырудан бастау алып “Суретті жалғастыр” әдісі арқылы топтарға бөлумен жалғасты. “ Құмсағат” әдісі арқылы қатысушылардан семинардан не күтетіндіктері туралы сұралып, соңында “Не алдым?” деген сұраққа жауап алу арқылы кері байланыс жасалды. Семинар барысында қатысушылар сын тұрғысынан ойлаудың “Кластер”, “ РАФТ” әдістерін ұтымды пайдаланып, тақырыптың ашылуына атсалысты. Қатысушылар өз тәжірибелерінен де дәлелдер келтіре отырып, СТО стратегияларын өз сабақтарында қолданып жүргендерін тілге тиек етті.
Семинар соңында ДЭІЖО Б.Джексенбаева алдына ала жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша айта келіп, тақырып бойынша ойтолғау жазған пән мұғалімдеріне сауалдар қойып, кері байланыс алып, аталған технологияның маңыздылығын атап өтіп, ұйымдастырушылар мен қатысушыларға шығармашылық табыс тіледі.